Руханият

Қарағандылық Алан Құрманғалиев үстел теннисі чемпионатында Қазақстанның алғашқы жүлдесін жеңіп алды

Қарағандылық спортшы Алан Құрманғалиев үстел теннисінен Азия чемпионатының медалін жеңіп алған алғашқы қазақстандық болды.

Алан Құрманғалиев
Фото: БОРТ N1

Лаоста өткен жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы жарыста Құрманғалиев үшінші болып мәреге жетті.

Алан Сангуанвонг Ксайпасеутты (Лаос), Аукадеччайкула Ситтипольді (Таиланд), Прадхивадхи Бхаянкарама Абхинандханы (Үндістан) жеңді.

Жартылай финалда ол жапондық Такума Танимотодан жеңіліп қалды.

olympic.kz

Басқа материалдар

Back to top button