Спорт

Пенчак-силат: Арқа төсіндегі алғашқы турнир

Облыста тұңғыш рет пенчак-силат спортынан жасөспірімдер мен жастар арасында ел чемпионаты өтті. Республиканың 13 аймағынан келген 300-ге жуық спортшы ел кубогын сарапқа салды. Турнирдің ашылу салтанатына облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Темірхан Абылаев қатысты.

Пенчак-силат: Арқа төсіндегі алғашқы турнир

Пенчак-силат – Индонезия елінен шыққан спорт түрі. Бәсекенің ашылу салтанатына арнайы шақырылған Индонезияның Қазақстандағы елшісі Мохамад Фаджрул Рахман спортшыларға жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін арнады.

Турнир – 4 бағытта өтті. Әуелі спортшылар «Тунгал» бағыты бойынша, яғни жекелей өнер көрсетті. Одан кейін әр спортшы жұптаса отырып «Ганда» бағытында арнайы қойылым қойды. «Регу» бағыты бойынша да командалық сайыс болды. Соңында «Тандинг» бағыты бойынша қос қарсылас жүлде үшін бақ сынады. Чемпионат қорытындысында командалық есепте Ақтөбе облысы көш бастады. Қарағандылықтар ІІ орын иеленсе, атыраулық спортшылар үздік үштікке табан тіреді.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button