Руханият

“Жұлдыздар аллеясы” жұлдызбен толықты

Қарағандыдағы “Жұлдыздар аллеясында” КСРО Халық әртісі, композитор Сыдық Мұхамеджановқа “Жұлдыз белгісінің” ашылуына арналған еске алу концерті Кеншілер мәдениет сарайында өтті.

Оған облыс әкімінің орынбасары Ербол Әліқұлов, белгілі опера әншісі Кенжеғали Мыржықбаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рымбала Омарбекова және зиялы қауым өкілдері мен өнерсүйер көпшілік қатысты.

Композитордың қызы Ләйла Сыдыққызы кеште сөз сөйлеп, “Жұлдыз белгісі” орнатылған атақты тұлғалар енген Құрмет кітабына Сыдық Мұхамеджановтың есімін жазды.
Жиналған жұртшылық композитордың шығармаларынан үзінділер тыңдады.
Еске алу кешінен соң “Жұлдыздар аллеясында” дарынды композитордың “Жұлдыз белгісі” ашылды. Бұл мәртебеге Ләйла Сыдыққызы мен Ербол Шымкентбайұлы ие болды.

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button