Жаңалықтар

Бокстан Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан жалпыкомандалық есепте нешінші орында?

Иорданияның Амман қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының былғары қолғап шеберлері байрақты бәсекеде 21 медаль жеңіп алды, деп жазады Ortalyq.kz сайты KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап. 

Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

Осыншама медальға қол жеткізген Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.  Олардың 6-ы алтын, 7-і күміс және 8-і қола. Екінші орынға Өзбекстан құрамасы табан тіреді. Көрші елдің былғары қолғап шеберлері турнирде алты алтын, үш күміс және төрт қола жүлдеге қол жеткізді. Үндістан үздік үштікке енді (төрт алтын, екі күміс және алты қола).

Азия чемпионатының қорытындысы:

Қазақстан – 6-7-8,

Өзбекстан – 6-3-4,

Үндістан – 4-2-6,

Иордания – 2-3-2,

Таиланд – 2-2-1,

Жапония – 1-5-1,

Оңтүстік Корея – 1-1-4,

Тайвань – 1-0-3,

Филиппин – 1-0-2,

Вьетнам – 1-0-1. 

Басқа материалдар

Back to top button