БайқауРуханият

Бояуларға тіл бітіріп…

Қарағанды облысы бойынша экология департаменті Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай «Таза болcа табиғат – аман болар адамзат» атты балалар суреттерінің облыстық байқауын өткізді. Мереке қарсаңында суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды.  Жыл сайын 5 маусым күні аталып өтетін Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні бүкіл әлемді тазалық пен жанашырлыққа баулиды. Біздің қаламыз да бұл мерекеден қалыс қалған емес. Қылқалам шеберлері белсене қатысқан «Таза болcа табиғат – аман болар адамзат» байқауының салтанатты марапаттау шарасы өтті. Бұл байқау балаларға қоршаған ортаны қорғау қажеттілігін ескертеді, болашақ ұрпақ үшін табиғи ресурстар мен табиғат байлығын сақтауға қызықтыра отырып, өз ойларын ашық, көркем түрде білдіруге мүмкіндік берді. Қатысушылар үш жас ерекшелігі бойынша бақ сынасты. Жалпы, 77 жұмыс қабылданып, жүзден жүйрік 9 жұмыс жеңімпаз атанды.

6-8 жас аралығында:

I орын Осакаров ауданы, Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Данил Клевлинға бұйырды. (Тәрбиешісі А.Карташова).

II орынды Жезқазған қаласындағы М.Құлышева атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Ирина Нарижная еншіледі. (Тәрбиешісі А.Қабден). III орын Жезқазған қаласындағы М.Құлышева атындағы балалар үйінің тәрбиеленушісі Жаннұр Асылбековаға бұйырды.

9-12 жас аралығында:

I орынды Осакаров ауданы, Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Максим Литвяков қанжығасына байлады. (Тәрбиешісі Вера Исакова).

II орынға Осакаров ауданы, Пионер балалар үйінің тәрбиеленушісі Виолетта Штенгауэр, (Тәрбиешісі Наталья Ковтун), III орынға Теміртау қаласы, Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушісі Азиза Бекова ие болды. (Тәрбиешісі Шолпан Килашева).

13-16 жас аралығында:

I орын Осакаров ауданындағы Пионер балалар үйі тәрбиеленушісі Елена Груздеваға, (Тәрбиешісі Лилия Разумовская), II орын Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балалар үйі тәрбиеленушісі Анастасия Бурковаға берілді. (Тәрбиешісі Айнагүл Жанғабұлова).

III орынды Теміртау қаласындағы «Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының» тәрбиеленушісі Карина Гильязова қанжығалады. Байқау жеңімпаздары төсбелгі және арнайы сыйлықтармен марапатталып, тәрбиешілерге Алғыс хаттар табысталды.

– Бұл атаулы күнді тойлап қана емес, қоғам назарын экологиялық мәселелерді шешуге аударамыз. Біздің ұйымдастыруымызбен сенбілік жүргізіледі, экология шеңберінде сан түрлі шаралар өткіземіз. Ал, бүгінгі байқау балалар арасындағы экомәдениетті қалыптастыруға бағытталған, – дейді Қарағанды облысы бойынша экология департаменті басшысыны орынбасары Дархан Исжанов. Марапаттау салтанаты облыстық ЭкоМузейге экскурсия жасаумен жалғасты. Экология тақырыбындағы байқаулар жас ұрпақты қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеп, экологиялық ойлауды дамыта отыра ұлттық байлықты сақтауға үлесін қосары анық.

Айым ҒАЛЫМҚЫЗЫ, ҚарУ-дың II курс студенті.

Басқа материалдар

Back to top button