Руханият

К.С.Станиславский атындағы орыс драма театрының 92-ші жаңа маусымы басталмақ

3 қыркүйекте К.С.Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театрының 92-ші жаңа маусымы басталмақ. “Бальзаминовтың үйленуі” атты екі актілі қойылымымен шымылдығын ашады. 

Жаңа маусымда көптеген спектакльдер соңғы рет көрсетіледі. Енді көрермендер сүйікті қойылымдарымен қоштаспақ. 

“Спектакльдің тағдыры адам тағдыры сияқты, көптеген себептерге байланысты өзгерістерге ұшырайды. Спектакльдер құрылған сәттен дамиды, өседі немесе қурап қалады. Сондықтан театрға спектакльді есептен шығару секілді қиын шешім қабылдауға тура келеді. Бұл шешім олардың репертуарда болуының орындылығы негізінде қабылданды. Көркемдік құндылығы, көрерменге деген сұранысы, қалпына келтіру қажеттілігі сияқты санаттар есепке алынды”, – делінген театр хабарламасында.

Есептен шығарылатын кешкі қойылымдар: «Эти свободные бабочки», «Звезда по имени», «Без вины виноватые», «Два часа счастья», «Стена живых», «Не всё коту масленица», «Fedra. Игра» және «Достоевский FM: Хроники Мордасова».

Сонымен қатар, балалардың жеті қойылымы қысқарады: «Новые приключения трёх неуловимых поросят», «Красная шапочка», «Кот в сапогах», «Ищи ветра в поле», «Кот Леопольд», «Бармалей» және «Приключения Незнайки и его друзей».

Ескі қойылымдар жаңасына жол ашады. Алдағы уақытта театрда жаңа премьералар жарық көрмек. 

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры
фото: Облыс әкімінің баспасөз қызметінен алынды

Басқа материалдар

Back to top button