Қарағанды

Қала әкімінің “Nur Qadam – 2022” жастар сыйлығын алуға құжат қабылдау басталды

"Nur Qadam – 2022" жастар сыйлығы

Қарағанды қаласы әкімінің “Nur Qadam – 2022” жастар сыйлығын алуға құжат қабылдау басталды. Құжат қабылдау 5 желтоқсан сағат 19:00-ге дейін жалғасады. 

Әкім сыйлығы 14 пен 29 жас аралығында жемісті еңбек етіп келе жатқан жастарға беріледі. Оның ішінде көпшілікке танылған, ғылыми, шығармашылық әлеуеті жоғары, кәсіби және қоғамдық қызметін адал атқаратын мамандар таңдалады. Жеңімпаздар мына номиниациялар бойынша марапатталады: 

– «Жас жұмысшысы»;

– «Отан қорғаушы»;

– «Жас мұғалім»;

– «Жас медицина қызметкері»;

– «Жас волонтер»;

– «Мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін»;

– «Жас спортшы».

Сондай-ақ, жеңімпаздарға 300 мың тг көлемінде ақшалай сыйлық беріледі. 

Қатысушылар өтінімдерін nurqadam2022@mail.ru электрондық мекен жайына 5 желтоқсан сағат 19:00-ге дейін жіберуі тиіс. 

Байқау туралы толығырақ +7708-968-80-58 (WhatsApp) нөмірі арқылы білуге болады.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ

Басқа материалдар

Back to top button