Спорт

Қазақстан футбол құрамасы алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті

Қазақстан құрамасы футзалдан әлем біріншілігінің алғашқы іріктеу кезеңінен өтті. Қос команда жанкүйерлерге тартысты ойын көрсетті. Нәтижесінде қазақстандық құрама 2:0 есебімен Словенияны жеңді.

Сурет интернеттен алынды

Қарсылас команданың қарқыны күшті болса да, қазақстандық құрама сапындағы белді ойыншы Альберт Ақбалықов қарсылас қақпасының осал тұсын таба білді.

Есеп еселеген қазақстандық ойыншы Дуглас Жуниор ойын уақыты аяқталуға санаулы секунд қалғанда қақпаға соққысын дәл бағыттады. Сонымен жеңіс – Қазақстан қоржынында.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button