Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Азия чемпионы атанды

Бахрейн астанасы Манама қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында 55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Чиншанло топ жарды, деп хабарлайды Ortalyq.kz Халық үні порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандық зілтемірші қоссайыс қорытындысы бойынша 220 келіні көтерді.

Жалпы есепте күмісті қытайлық Ю Линглонг (210 кг), қоланы өзбекстандық Нигора Абдулаева (193 кг) жеңіп алды.