Жаңалықтар

Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогі өтуде

Қарағандыда тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогі өтуде. Жарысқа қатысу үшін әр өңірден 17 команда өтініш білдірген. 136 спортшы бақ сынасқан үлкен турнир қазан айының 7-сіне дейін жалғасады.

 

Турнирге келген қатысушылардың – осалы жоқ. Республикалық және халықаралық біріншіліктің жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Солардың қатарында жерлесіміз, екі дүркін Азия чемпионы Аңсаған Қожанәсіп те бар. Бүгінгі таңда ол жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін туған жері Шет ауданы, Ақадыр ауылына барып, шәкірт тәрбиелеуде.

– Мен үшін кез келген жарыс – үлкен тәжірибе. Сондықтан шеберлігімді шыңдау үшін осы турнирге қатысып отырмын. Қараша айында әлем чемпионаты өтеді. Сол турнирге барымды салып дайындалып жатырмын. Ал, бүгінгі турнирге келсек, жастардың жеңіске деген талпынысы жоғары. Олардың болашағынан үлкен үміт күтуге болады, – деді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button