Руханият

«Дауыстап оқу» – үр жоба

Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында 12 және 15 қыркүйекте театр актерлерінің қатысуымен «дауыстап оқу» өтеді. Жас оқырмандар ертегілер мен таңғажайып әңгімелер әлеміне еніп, сахна өнерінің қайраткерлеріне сұрақтар қоя алады. 12 қыркүйек күні сағат 11:00-де балалар кітапханасына келушілер үшін С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының актрисасы Әнел Сағындықова өнер көрсетеді.

дауыстап оқу
фото: kargoo.kz

15 қыркүйек сағат 15:00-де балалар К.Станиславский атындағы орыс драма театрының актері Кирилл Пловайкомен танысады. Ол ирландиялық жазушы Малахия Дойлдың «Молли және дауыл теңізі» атты шығармасын оқиды.

“Алдымен біз «Дауыстап оқуды» өзіміз жүргіздік. Кітапханашылар балаларға түрлі шығармалар оқыды. Бұл балаларды қызықтырды. «Ертегілер мен әңгімелер сағаты» деп аталатын жобаны жасауға шешім қабылдадық. Танымал адамдар мен мұғалімдерді шақыра бастадық”, – дейді Абай атындағы облыстық балалар кітапханасының кітапханашысы Ольга Вольф. Биылғы жылы кітапханада осындай 10 кездесу жоспарланған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button