Жаңалықтар

Ана мен бала – халық қалаулылары назарында

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша Жол картасын іске асырудың негізгі тармақтарының бірі денсаулық сақтау саласын дамыту, ана мен баланы қолдау болып табылады. «AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттары Серік ӨТЕШОВ, Қадиша ОСПАНОВА Қарағанды облыстық перинаталдық орталығының ұжымымен кездесті.

Орталықта дені сау балалардың дүниеге келуіне қажетті медициналық қызметтердің толық спектрі көрсетіледі. Мекеме өз жұмысын 1965 жылы бастады. Перинаталдық орталықта күрделі жөндеу жүргізілді. Жаңа медициналық жабдықтар заманауи перинаталдық технологиялар талаптарына сәйкес келеді. Әрбір операциялық және реанимациялық бөлім аналар мен жаңа туған нәрестелердің жағдайын бақылау үшін қажетті аппараттармен және мониторлармен жабдықталған.

Депутаттарға репродуктивті функция, жаңа туған нәрестелердің реанимациясы мен қарқынды терапиясы, жаңа туған нәрестелер мен шала туған балалардың патологиясы, босану бөлімшесі және тағы да басқа жаңартылған бөлімшелер көрсетілді. Орталықта құрсақтағыдай «табиғи орта» жасайтын өзіндік әдістер бар.

Облыстық мәслихаттың хатшысы Серік Өтешов барлық осындай перинаталдық орталықтарда аналар мен жаңа туған нәрестелер үшін барынша қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті. Депутаттар дәрігерлерімен ана мен бала мәселелерін талқылады. Мекеме қызметкерлері өз кезегінде орталықты күрделі жөндеуді аяқтауға көмек көрсетуді сұрады.

Аталған мәселе уәкілетті органдармен келісім бойынша бюджетті одан әрі түзету кезінде қаралатыны атап өтілді.

Облыстық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button