Руханият

Классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионатында жерлестер жеңімпаз атанды

Түркияның Ыстанбұл шаһарында жастар арасында классикалық пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтті. Аталған жарыстан біздің жерлестер жеңіспен оралды.

Қазақстандық құраманың сапындағы Қарағанды облыстық кешенді спорт мектебінің 8 тәрбиеленушісінің өнері ерекше атап өтуге тұрарлық. Италия, Канада, Швеция, Ұлыбритания, Финляндия, Ирландия, Испания, Бразилия, Мексикадан жиналған 400-ге жуық спортшы арасынан 66 келі тартар зіл темір көтеруде қарағандылық Борис Букатко бас жүлдені жеңіп алды. Ал, құраманың өзге мүшелері Айтас Оспанов, Тимур Хазиахметов, Данила Клейкин, Василий Щербин, Карина Рычкова жүлдегер атанып, пауэрлифтингтің 25 түрінен 13 медаль еншілеп қайтты.

Жансая СӘРСЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button