Руханият

Қазақстандық теннисші Таиландтағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Нонтабуриде (Таиланд) өтіп жатқан ATP Challenger Tour Bangkok Open 3 жарысының ширек финалына өтті, деп хабарлайды Орталық.кз Қазақпаратқа сілтеме жасап. 

Григорий Ломакин
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин тайбэйлік Рэй Хомен бірге бастапқы кездесуін сәтті өткізді.

Г.Ломакин мен Р.Хо корт иелері Чайарин – Нойкорды 6:1, 7:6 (9:7) есебімен тізе бүктірді.

Қазақстандық-тайбэйлік жұп жартылай финалға шығу үшін оңтүстіккореялық Юнсунг Чун – жаңазеландиялық Ажэт Рэймен таласады. Олар жапониялықтар Синдзи Хазава – Юсукэ Ватанукиді ұтты – 6:1, 6:3.

Тағы бір қазақстандық, рейтингте 355-орындағы Бейбіт Жукаев жекелей сында екінші айналымда әлемнің 242-інші, осы доданың 1-ракеткасы Ю.Ватанукиге есе жіберді – 3:6, 3:6.

Теннисші бұған дейін ТОП-10-ға кіретін бес теннисшінің Astana Open ATP 500 турнирінде өнер көрсеткен еді.

Сондай-ақ теннисші Бейбіт Жукаев ҚР Президенті кубогының 3 дүркін чемпионын ұтты.

 

Басқа материалдар

Back to top button