Ресми

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болып Даулат Ешкеев тағайындалды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек онлайн режимінде өткен аппараттық кеңесте мәлімдеді.

Даулат Ешкеев бұрын облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. Осыған дейін бұл міндетті атқарған Жанат Ысқақов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Даулат Ешкеев 1975 жылы туған.

Кеден органдарында жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметте 1999 жылдан бастап еңбек етеді. Қарағанды облысы әкімі аппаратының бөлімдерін басқарды.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары болды.

Қазіргі тағайындалғанға дейін облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары болды.

Басқа материалдар

Back to top button