Ресми

Шекарадан көмір шығаруға шектеу қойылды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмірді автокөлікпен шекарадан шығаруға уақытша шектеу қойды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады. 

 

Көмірді елден тыс жерлерге автокөлікпен шығаруға тыйым салу туралы 14.09.2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің № 514 бұйрығы шықты.

Бұл шешім коммуналдық және әлеуметтік нысандарға, тұрғындарға арналған көмірдің шекаралас өңірлерге автокөлікпен тасымалданып, көршілес мемлекеттерге қайта сату фактілері анықталуына байланысты енгізіліп отыр. 

«Министрліктің бұл шешімі жергілікті көмір тиеу тұйықтары мен өңір әкімдіктерімен бірлесіп әзірленген. Басты мақсат – 2022-2023 жылдарындағы жылу беру маусымы кезеңінде көзделген межені орындау және елдегі көмір тапшылығын болдырмау», – делінген министрлік таратқан ақпаратта. 

Басқа материалдар

Back to top button