АбайАймақ

Емдері – шипа, сөздері – дәру

Қоғамда ізгі пейілді жандардың молырақ болуы – жақсылықтың нышаны. Төңірегіңде сондай адамдардың бар екенін күнделікті тірлікте аңғара қоймайды екенбіз ғой… Жақында денсаулық жағдайыммен облыстық кардиохирургия орталығы дәрігерлерінің қарауына түсуге тура келді. Ондағы білікті мамандар біршама уақыт тексеруден өткізгеннен кейін, жүрегіме ота жасау қажет деп шешті.

Бұра тартқанда қайда барамын, еріксіз операция столына жатуға тура келді. Бағыма қарай, ота сәтімен өтіп, дәрігерлердің емдомының арқасында аяғыма мініп кеттім. Осы орайда орталықтың бөлім менгерушісі Сергей Цой мен білікті хирург Әсет Жұмақаевқа айтар алғысым шексіз. Тура мағынасында, олардың емдері – шипа, сөздері – дәру. Күн-түн демей жүрек-қан тамыры дертімен барғандарға ота жасап, ем-домын қолданып, жұртшылықты үрейден арылтып, қуанышқа бөлеуден бір тынбайды. Науқастардың қас-қабағына қарап, зыр жүгіріп жүретін медбикелердің қызметі де шынайы алғысқа лайықты. Менің бұл пікірімді орталықта емделген кез келген сырқаттың көкейіндегі ой деп қабылдауға болады.

Орталықтың әр қызметкерінің еңбегіне жеміс, отбасына сарқылмас қызық-қуаныш тілеймін.

Жұмабай МУСИН,

зейнеткер.

АБАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button