Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны миллионнан асты

Коронавирус пандемиясына шалдыққандардың саны 1 млн. адамнан асып кетті. Нақты айтқанда, 2020 жылдың 3 сәуірі, сағат 11:22-дегі жағдай бойынша әлемде 1 016 258 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. 

Індет АҚШ-та ушығып тұр. Бұл елде 245341 адам вирус жұқтырып, оның 10403-і жазылып шыққан.  6095 адам кайтыс болды.

Италияда  өлім-жітім көрсеткіші тым жоғары. Індет  115 242 адамға жұғып,  13915 өлім тіркелген. Ал, 18278 адам жазылып шықты.

Испания мемлекетінде де пандемияның қаралы статистикасы үрей туғызады. Жұқтырғандар саны — 112065 адам. Өлім-жітім — 10348 адам. Жазылып шыққандар — 26743 адам.

3 сәуір сағат 09.40-тағы эпидемиологиялық жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 444 адамға жетті. Олардың ішінде 28 адам індетті жеңіп, жазылып шыққан. Сонымен қатар, 3 адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.