463 нысанда құрылыс жұмысы жүреді

Биыл облыстағы 463 білім беру нысанында құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Білім ошақтарын күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 21 млрд. теңге бөлінді. Бұл жөнінде облыстың білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев мәлім етті.

Оның ішінде, атап айтсақ 15 білім беру нысанына құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Ғимараттар қатарында 7 мектеп, 2 балабақша, 2 оқушылар сарайы, 3 мектепке жапсаржай (2 спорт залы және 1 оқу корпусы) және 1 жатақхана бар.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, жөндеу жұмыстары Жұмыспен қамтудың жол картасы жобасына негізделген. Аталған жоба аясында 223 білім беру нысанын жөндеуге 10 млрд. теңге бөлініп отыр. Екінші бағыт Қарағанды облысының 2020-2023 жылдарға арналған білім беру нысандарының құрылысына, қайта құру, жөндеуге (күрделі, ағымдағы) және басқа да іс-шараларға арналмақ. Ал, үшінші бағыт — «Ауыл Ел бесігі» арнайы жобасына негізделіп отыр.

Осы орайда ауылдық жерлерде орналасқан 11 білім беру нысанын күрделі жөндеуге 1 млрд. теңге қарастырылған.

Аяулым СОВЕТ.