Бас тақырып

Әлеуметтік көмекке өтініш беруге арналған сервис ашылды

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға, жұмыссыздарға және өзі өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтінім беруге арналған жаңа сайт ашылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, сервис Enbek.kz электрондық еңбек биржасының алаңында ашылды.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтінім қалай толтырылуы керек?

Ол үшін https://42500.enbek.kz сайтына кіріп, төмендегі әрекеттерді орындау қажет:

 1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;

2) «Жәрдемақы алу 42 500» батырмасын таңдаңыз;

3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;

4) нысанды (форма) жіберу керек;

5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;

6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;

7) өтініш жіберілді. Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады. Ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.

42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек кімге беріледі?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елдегі төтенше жағдайға байланысты  әлеуметтік төлем төмендегі санат бойынша тағайындалады:

– орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;

– жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – ЖК);

– жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) (бұдан әрі – ЖП);

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар (бұдан әрі – АҚС) бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар;

– карантин енгізілген елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері.

Өтінімдерді қарастырудың және әлеуметтік төлемдерді тағайындаудың жалпы мерзімі – 3 жұмыс күні.

 

Басқа материалдар

Back to top button