Спорт

Тағы тең ойын

Футболдан Премьер-Лига командалары арасындағы ел чемпионаты тартысқа толы өтіп жатыр. ХІІ турда Алматыда «Шахтер» жергілікті «Қайратпен» кездесіп, қарсыластар тең есеппен тарқасты.

Бірінші таймда есеп ашылған жоқ. Тек, ойынның 64-ші минутында алматылық шабуылшы Лав Вагнердің соққан голы командаластарын алға шығарды. 82-ші минутта «шахтерлік» жартылай қорғаушы Арсен Хубуловтың айып алаңынан бағыттаған добын шабуылшы Айдос Тәттібаев қақпаға дәл тоғытты. Есеп 1:1. Осылайша, қарағандылықтар қатарынан екінші кездесуін тең аяқтады.

«Қайрат» турнир кестесінде 26 ұпаймен І орында тұр. Ал, «Шахтер» – VI орында. Қоржында 16 ұпай бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button