Бас тақырыпОблыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: «Жас кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріледі»

Қарағанды облысында шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасалған. Әсіресе, жас кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін көмек көп. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК халықпен есеп беру кездесуінде айтты.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі
  • Биыл 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу міндеті тұр. Былтыр мемлекеттік қолдау нәтижесінде жалпы құны 1 млрд.теңгеден асатын 2064 грант берілді. Оның ішінде, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 1900 грант берілді. Биыл жас кәсіпкерлерді қолдауға басымдық беріледі.  Облыстық бюджеттің есебінен жастардың бизнес жобаларын қолдау 10 есеге ұлғайды. Былтыр 10 миллион болса, биыл 100 миллионға жетті. Сонымен қатар, облысымызда республикалық «Zhas Project» бағдарламасы арқылы 100 миллионнан астам қаражат бөлінді, – деді аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button