Руханият

Қарағандылық Айбек ҚАСЫМХАНОВ халықаралық байқауда бас жүлдеге ие болды

14 жасар қарағандылық Айбек ҚАСЫМХАНОВ Грузияда өткен халықаралық музыкалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды. Ол 6 жасынан домбырада ойнайды. 

– Мен Қарағанды мамандандырылған музыка мектеп-интернатында домбырамен ән айту сыныбында оқимын. Менің жетекшім – Азамат Түсіпбеков. Көптеген облыстық, республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдерге, сондай-ақ “Қазақстан дауысы” жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым, – дейді Айбек Қасымханов. 

Түркияда өткен байқауда жас музыкант Грузияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алған. 

– Өткен жылы мен Алматыда өткен халықаралық байқауға қатысып, бірінші орын алдым. Маған Түркияға жолдама берілді. Мен онда да бірінші болып, Грузияда өтетін халықаралық музыкалық байқауға қатысуға шақырту алдым. Шілде айының соңында Грузияға бардым. Халықаралық байқауда Гран-При ұттым. Келесі жылы тағы да Грузиядағы музыкалық жарысқа қатысуды жоспарлап отырмын, өйткені мен сертификат жеңіп алдым. Болашақта өз өмірімді музыкамен байланыстырғым келеді. Домбыра мен дәстүрлі халық әндерін дәріптеймін. Мектеп бітіргеннен соң, Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу жоспарда бар, – деп бөлісті домбырашы.

Айбек Қасымханов негізінен халық әндерін орындайды. Түркия мен Грузиядағы байқауларда ол “Бастау” мен “Хәләулім” әндерін шырқады.

Айбек Қасымхановтың есімі “Қазақстанның алтын балалары” кітабына енді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button