Бас тақырып

40 бас ұрланған жылқыны сатпақ болғандар құрықталды

2 қараша сағат 04:00 шамасында Қарағанды қаласының кіреберісіндегі бекетте полиция қызметкерлері «КамАЗ» жүк көлігін тоқтатқан. Көлік ішінде 57 жастағы жүргізуші мен 29 жастағы ұлы болған. Көлікке 40 бас жылқы тиелген. Оқиға орнында 57 жастағы көлік жүргізушісі жылқыларды «өзімдікі» деп айтқан. Алайда, тексеру барысында жылқылардың нақты оған тиесілі екендігін дәлелдейтін құжаттары болмаған. Олар жылқыларды Ақтоғай ауданына қарасты қыстақтардың бірінен сатуға әкеле жатқан.

Сурет пен видео polisia.kz

Жылқылардың иесін табу мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері жылқыларды суретке түсіріп, Ақтоғай аудандық полиция бөліміне жолдаған. Кейін олар ауыл тұрғындарының WhatsApp чаттарына бөліскен. Таратылған фотолардың нәтижесінде аудан тұрғындарының жылқысын бағатын бақташы өзіне тиесілі екі жылқыны таныды.

Қазіргі уақытта жылқылар Үштөбе ауылындағы үйлердің бірінің қорасына түсіріліп, полиция қызметкерлері күзет қойды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп сақшылары қылмыстық істің негізінде басқа да жәбірленушілерді және қылмысқа қатысты тұлғаларды анықтау бойынша кешенді іс-шараларды жүргізіп жатыр.

Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button