АймақБалқаш

Балқаш қаласында 40 көпбалалы ана баспаналы болды

Баспананы асыға күткен аналарымыз ішкі толқыныстарын жасыра алмады. Осындай мүмкіндік сыйлап, ерекше қолдау білдірген қала басшылығына ыстық ықыластарын жеткізді. Пəтер кілтін қала əкімі Сапар Сатаев табыстады.

Қоныс той

– Көпбалалы аналар мен əлеуметтік аз қамтылған отбасылар қашан да назардан тыс қалмайды. Қазіргі таңда қаламызда 1599 көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде, 524 ана – «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері. Бүгін осы батыр аналардың қатары 5 адамға толықты. Қаламызда қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 212 көпбалалы ана тұр. Биыл жоспар бойынша 44 көпбалалы ананы пəтермен қамтамасыз ету керек болатынбыз, жыл басынан бері 4 анаға пəтер берілді. 40 ана бүгін жаңа пəтер кілтін алмақшы. Келер жылы дəл осындай 40 шақты пəтер беру жоспарда,– деді Сапар Сатаев.

Сондай-ақ, шара барысында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сəйкес көпбалалы аналар Перизат Қалкенова, Алмагүл Үсенова, Қайша Сатпаева «Алтын алқа» жəне Гүльфия Чеякова мен Меруерт Шалдыбековаға «Күміс алқа» төсбелгісі салтанатты түрде берілді, сый-сияпаттар жасалды. 

Нұрдос КƏРІМ,
БАЛҚАШ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button