Жаңалықтар

“Senim 109” саяхатқа шақырады

“Senim 109” бірыңғай байланыс орталығы қарағандылықтарды қонаққа шақырады. Шара 6-шы ақпан, сағат 15.00 мен 17.00 аралығында өтеді. Экскурсияға 109 нөмірі арқылы жазылуға болады.

  • Біз жұмысымызды көрсетіп, айтып беруге дайынбыз. Барлық тілек білдірушілерді біздің кеңсемізді аралап, сұрақтарға жауап алып, операторлармен танысуға шақырамыз, – дейді “Senim” бірыңғай үйлестіру орталығының баспасөз хатшысы Гүлім Аятай.

“Senim109” қызметі – бұл барлық коммуналдық мәселелер мен қаланы абаттандыру мәселелерін шешу үшін құрылған бірыңғай үйлестіру орталығы. 109 бірыңғай телефон нөмірі бойынша мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің жұмысы бойынша өтініштер, шағымдар мен ұсыныстар қабылданады. Жүйе әрбір өтінішті қадағалайды. Оларды тіршілік ету салалары, орындаушылардың жауапты топтары бойынша жіктейді және жою мерзімін бақылайды. “Senim109” жүйесіне Қарағанды қаласының 60-тан астам мемлекеттік және коммуналдық мекемелері қосылған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button