Қарағанды кәсіпкерлеріне көмек көрсетіледі
“Атамекен” өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнес-қауымдастық өкілдерін “Facebook” желісінде ашылған “Қарағанды және Қарағанды облысындағы Бизнес” парақшасына қосылуға шақырады. Мұнда кәсіпкерлерді толғандыратын сұрақтарға жауап табуға болады.
Қарағанды облысының ӨКП-да жедел штаб пен жедел желі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта штаб кәсіпкерлердің проблемалары мен тәуекелдері туралы ақпаратты, сондай-ақ бизнеске зиянды азайту жөніндегі ұсыныстарды жинаумен және талдаумен айналысады.
“Атамекен” ҰКП call-орталығы-1432. Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жедел желісі: (8-7212) 50-40-55 (ішкі. 410), 8-702-175-39-45, 8-701-369-91-22.
Өз мәселелерімен, сұрақтарымен және ұсыныстарымен бизнес-қауымдастық өкілдері сондай-ақ ҰКП сайтындағы “Қарағанды облысы” қосымша бетінде көрсетілген қызметкерлердің телефон нөмірлері мен электрондық мекенжайларына жүгіне алады: https://karagandy.atameken.kz/ru/.
Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметтерін мына сайттан алуға болады: https://services.atameken.kz/.