АймақҚаражал

«Болашағың – өз қолыңда»

Абай көшесіндегі №5 көпқабатты тұрғын үйдің бір бүйірін бүтіндей алып жатқан мурал осылай аталады. Бұл – жемқорлықпен күрес жолында имандылық пен адалдыққа үндейтін облыстағы тұңғыш туынды. Ол азаматтарды – болашақ, ең басты құндылық – отбасы мен бала туралы ойлануға шақырады.

Жемқорлықпен күрес – Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың негізгі басым бағытының бірі. ТМД елдері арасында сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы алғашқы заңды біздің мемлекет қабылдады. Бірақ, бұл – мемлекеттің ғана міндеті емес, бұқара белсене қатысқанда ғана оң шешімін табатын күрделі мәселе. Сыбайлас жемқорлық жайлаған елде заң бұзылады, азаматтың билікке деген сеніміне сызат түседі.

Жарасым мен жақсылық, әділдік әлемін қалыптастыру өз қолында екенін әркім жете сезінгенде іс ілгері басады. Осындай мақсатты көздеген мына мурал – қалалық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына орай облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен қала әкімдігі бірлесіп жүзеге асырған жоба. Салған суретші Татьяна Викторовна Новик. 

Әлібек ӘБДІРАШ.

ҚАРАЖАЛ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button