Тозған жол тегістеледі

Тораңғалық кентінде жол жұмыстары жүр­гізілуде. Жаңа жол жабыны кентке кіреберісте және оның екі орталық көшелерінде төселеді. Осы жазда Балқаш қаласында туристерге жайлы жағдай жасау үшін жолдардың ең проблемалық учаскелерін жөндеу жоспарланған.

Аталмыш кентте ұзақ жылдар бойы жол жұмыстарын қаржыландыру жеткілікті болған жоқ. Биыл бұл мәселені шешу мүмкін болып отыр.

– Біздің ұйым 1998 жылдан бері жұмыс істейді. Негізгі қызметіміз – жолдарды жөндеу, жергілікті, облыстық және республикалық маңызы бар трассаларға қызмет көрсету. Тораңғалық кентіндегі жолдарды орташа жөндеуден өткіздік. Қазір республикалық трассадан 7 шақырым болатын негізгі жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 30 шілдеде аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз, – деді мердігер ұйымның директоры Маратхан Жұмалиев.

Ауылға кіреберісті Абай орталық көшесі жалғастырып жатыр. Онда да жаңа жабын үшін негіз дайындалды. Жағалау көшесінде де жақсы асфальт төселеді. Кентте барлығы 1,3 шақырым жол жабыны ауыстырылады.

Осы жазда Балқашта туристердің жайлы жүріп-тұруы үшін жолдардың ең проблемалық учаскелерін жөндеу жоспарланған. Шұбар-түбек кентінде, «Балдәурен» шипажайына кіреберісте, Бертіс шығанағындағы демалыс аймақтарына апаратын учаске және Балқашқа кіреберістегі көпірде 24 шақырым асфальт жаңартылды.

Жол жөнделіп жатқанына тұрғындар дән риза.

– Бұл – өте жақсы жаңалық. Енді көлігіміз бұрынғыдай тез тозбайды. Оның үстіне мұнда демалыс орындары, туристер көп келеді. Олар үшін ыңғайсыздық болмайды, – дейді Тораңғалық ауылының тұрғыны Дмитрий Рудометов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.