Жаңалықтар
Бүгін ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда күн жылынатынын болжайды. Қазгидромет мәліметіне сүйенсек, Ресейден ел аумағына келген антициклон ауа температурасының көтерілуіне әсер етіп, ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Қазақстанның оңтүстігі, батысы мен оңтүстік-шығысында күндіз ауа температурасы 20-25 градус нөлден жоғары, ал солтүстік пен орталықта – 5-15 градус жылы.