Ресми

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!

Облыстың билік органдары мен БАҚ арасында қалыптасқан қарым-қатынастың сындарлы сипат алғанын атап өткім келеді. Сіздердің салмақты сөздеріңіз бен салиқалы пікірлеріңіздің арқасында халық билікке өз сөзін жеткізіп отыр және баспасөзбен тығыз байланыстың нәтижесінде атқарушы билік органдарының қызметі туралы облыс тұрғындарына жедел және дәлелді ақпараттар жеткізіліп келеді.

Кім-кімге де оңай соғып отырмаған қазіргі кезде қарағандылықтарға еліміз бен аймақтың экономикалық және әлеуметтік өмірінде болып жатқан өзгерістердің жай-жапсарын түсіндіріп, жерлестеріміздің көкейкесті ойларын білуге және облыс тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі жұмыстарымызды үйлестіруге бұқаралық ақпарат құралдарының мінберінен ғана мүмкіндік аламыз!

Сіздерге тынымсыз кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге зор үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

Қарағандылық журналистер алдағы уақытта да осы прогресшіл қалпынан айнымай, қоғамды толғандырып жүрген өткір проблемалардың ортасында жүреді деп сенеміз.

Қаламдарыңызға қызықты тақырыптар ілінсін, ал сіздердің жарияланымдарыңыздағы әр сөз адамдарды жақсылық жасауға, жарық әлемді нұрландыруға жетелесін!

Зор денсаулық, өздеріңіз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз!

Кәсіптеріңізге өрлеу, шығармашылықтарыңызға сәттілік, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Құрметпен Қарағанды Облысы Қазақстан Халқы Ассамблеясы.

Басқа материалдар

Back to top button