Облыс әкіміРесми

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Бүгін біздің өмірімізді бұқаралық ақпарат құралдарынсыз, баспа және электронды басылымдарсыз, теледидар, радио, интернет, сонымен қатар, басқа да коммуникациялық арналарсыз елестету қиын. Қоғам дамуындағы бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды ролін ескере отырып, бір жыл бұрын Мемлекет басшысының бастамасымен Қазақстанда бұл мереке ресми түрде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні деп белгіленді.

Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамға әсері айтарлықтай үлкен. Сіздердің жұмыстарыңыздың арқасында біз әлемде, өңірлер мен қалаларда, ауылда болып жатқан ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біліп отырамыз. Сіздер адамдарды ортақ мақсаттар мен міндеттерге, көзқарастарға жұмылдырып, біртұтас қоғамға біріктіресіздер.

Қазіргі әлемдегі ең қымбат ресурс – уақыт пен ақпарат. Орын алған пандемия жағдайында шыңдыққа жанаспайтын ақпараттардың тарауы қоғамда үрей мен қорқыныштың пайда болуына алып келетінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл ретте қоғамда шынайы ақпаратты таратып, азаматтардың көңіл-күйін тұрақтандырып, болашаққа нық сеніммен қарауларына журналистер, операторлар, редакторлар мен фототілшілер үлкен үлес қосты.

Сіздер белсенді азаматтық ұстанымдарыңызбен қоғамда болып жатқан әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси оқиғаларды жедел, объективті және жан-жақты жария етіп, сондай-ақ өткір тақырыптарды көтеріп, осы арқылы қоғамның дамуына елеулі ықпал етіп келесіздер. Осы үшін сіздерге алғысымызды білдіреміз.

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, барлықтарыңызға шығармашылық табыс пен сәттілік, мықты денсаулық, бейбітшілік пен амандық тілейміз!

Жеңіс ҚАСЫМБЕК,

Қарағанды облысының әкімі.

 Серік ӨТЕШОВ,

 Қарағанды облыстық мәслихатының хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button