Жаңалықтар

27 жаңа өндіріс құрылады

Қазақстанда 2020-2021 жылдарда елімізде баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс құрылады. «Самұрық-Қазына» Қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматы – оффтейкшарттар шеңберінде жобаларға қолдау көрсетіп отыр.

Оффтейк-шарттар 2018 жылы қолданысқа енген. Сонымен бірге, өндіріс аясында шығару жоспарланған өнімдер бойынша кәсіпкерлерге кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырыс алуына мүмкіндік береді. Басты шарт – Қазақстан Республикасында ұқсас өндірістердің жоқтығы.

«Жасалған оффтейк-шарттардың жалпы сомасы 2018 жылдан бастап, қазіргі уақыт өлшемімен 9,2 млрд. теңгені құрайды. 2018-2019 жылдардағы инвестициялардың жалпы көлемі – 215 млрд. теңге. Жаңа өндірістер 2020-2021 жылдары 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді» – деді «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Талдау және маркетинг департаментінің директоры Ербол Беков.

Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпкерлер вагон баяулатқыштар, көпфункциялы техникалық құралдар кешендерін, сонымен қатар мұнайды және басқа сұйық орталарды айдауға арналған сорғы жабдықтарын өндіреді. Өз кезегінде, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС Бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірахманов қазіргі уақытта импортты алмастыру бағдарламасы аясында техникалық ерекшеліктерді қалыптастыру кезінде ұлттық стандарттарды міндетті түрде пайдалануға басымдық берілетіндігін атайды.

Басқа материалдар

Back to top button