Бәрекелді!

Дәрігерді алмастырған жасанды интеллект

Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Ұлан МҰСТАФИН инсульт алған пациенттерге үй жағдайында оңалтудан өтуге мүмкіндік беретін интерактивті STROKE REC AR бағдарламасын ойлап тапты. Оқушының кеңейтілген шынайылық технологияларын қолдана отырып, қосымшаны жасауына дәрігер туысқаны ықпал еткен.

 

Ұлан қосымшаны әзірлеуге бір жарым жыл уақыт жұмсаған. Ол жасаған технология компьютерлік қосымшадан және компьютердің жанында орнатылған қозғалыс сенсорының функциясымен жабдықталған бейнебақылау камерасынан тұрады.

«STROKE REC AR» – жүрісті қалпына келтіру, кеңейтілген мағынада инсультті қалпына келтіру дегенді білдіреді. Қосымша үй жағдайында ойын форматына бейімделген интерактивті қосымша емдік-дене шынықтыру жаттығуларын орындауға мүмкіндік береді. Бүкіл жаттығу дәрігерлермен келісілген. Яғни, науқас үйде қосымшаны орнатып, өз бетінше жаттығу жасай алады. Мысалы, онда қолды кезекпен көтеруді қажет ететін жаттығу бар. Қосымша, сонымен қатар, пациенттерге ағаштан алма жинау имитациясын ұсынады. Камера қозғалыстарды тіркейді, ал монитор экранында алма жинау арқылы науқастың қимылын қайталайтын адам көрінеді. Яғни, толықтырылған шынайылық жасалады», – дейді Ұлан.

Қосымшаның тағы бір ерекшелігі – бағдарлама пациенттің бүкіл нәтижелерін жинайды және сақтайды және ұпай береді.

«Авторлық құқықты тіркедім. Жақын арада Қарағанды клиникаларының бірінің базасында қосымшаны машықтан өткізуді жоспарлап отырмын. Сынап көру үшін инсульт алған пациенттер қатысады. Олардың көрсеткішін дәрігерлер қадағалайды. Қосымшаның тиімділігі расталғаннан кейін оны кеңінен қолдануға ұсына аламын», – дейді талапты оқушы.

Гүлнұр СЕРІКЖАНҚЫЗЫ.

Басқа материалдар

Back to top button