АймақБас тақырыпБұқар жырау

Жаңақала ауылында мешіт ашылды

Құмай жылы жаңақалалықтар үшін жағымды жаңалықпен тәмамдалды. Ауылда күн жылына құрылысы қолға алынған мешіт жұрт игілігіне тапсырылды. Сондай-ақ, мешітке Бұқар баба есімі берілді.

Құрылыс шығындарын ауыл тумасы, кәсіпкер Мейрам Кәкімұлы көтеріп алды. «Туған жерге туың тік» деген. Жаңақала ауылы – Мейрам Кәкімұлының ата-бабасы мекен еткен аймақ. Осылайша, қалталы азамат бабалар рухына бас иіп, ел алдында өзінің кіршіксіз перзенттік пейілін танытты. Жаз бойы толайым шаруа атқарылды. Мейрам жарғақ құлағы жастыққа тимей, ат үстінен бір түспеді. Барлық күйбең тірлігін кейінге ысырып, құрылысты келесі жылға қалдырмаудың қамымен өзінөзі қамшылай еңбек етті. Нәтижесінде, еңбегі жанып, ел ризашылығына бөленді. Бүгінде ағаштан тұрғызылған мешіт алыстан мен мұндалап, ауыл көркін аша түсті.

Орда бұзар отызында қыруар іс атқарған Мейрамға көмекке келген ауыл азаматтарының бірі – Бекболат Әбдірайымов. Бекболат мешітке су тартқызып, көмір түсіртіп берді.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа, Бұқар жырау ауданының әкімі Шагурашид Мамалинов қатысты. Жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ауыл тұрғындарын салтанатты күнмен құттықтады. Ауыл үлкендері баталарын беріп, ағайын жұрт тілектестіктерін танытты.

Рауза НҰРЖІГІТОВА.

БҰҚАР ЖЫРАУ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button