АймақАқтоғай

Елдің басты құжаты

Ата Заң – біздің жарқын келешегіміздің қайнар бұлағы. Дамыған отыз мемлекеттің қатарына бет түзеген Отанымыздың кез келген азаматының бостандығы, еркіндігі, құқығы мен өмірі осы заңмен қорғалған. Сондықтан да, барша қазақстандықтар үшін Конституция ең қастерлі құжат болып табылады.

Конституция осыдан 25 жыл, яғни, ширек ғасыр бұрын қабылданды. Бұл маңызды құжаттың қабылдануына, мазмұнын құруға барша отандастарымыз белсенділікпен қатысты. Ресми мәліметтерге сүйенсек, құжатты талқылауға 3 миллион 345 мың адам атсалысыпты. Жұртшылық тарапынан 31886 ұсыныс түссе, сараптала келе соның 1100-і Конституция жобасына енгізілген. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында да баяндайды. Бүгінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы әлемдегі мемлекеттер Конституциялар қатарында озық үлгі ретінде жиі аталып келеді. Жаһандық сарапшылар, құқықтанушылар біздің Конституциямыздың адам құқығын, бостандығын қорғау бағытындағы роліне ерекше бағасын беріп үлгерді. Ежелгі түркі кезеңінен бастау алып, Қазақ хандарының тұсында тұғыры бекіп, Тәуелсіз Қазақстанның жаңа дәуірінде жаңғырған Конституция – біздің егемендігіміздің басты кепілі. Қастерлі құжатты қадірлеу, көздің қарашығындай сақтау – бүгінгі ұрпақтың борышы.

Нұргүл АЛДАЖАРОВА,

Сарытерек ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы.

АҚТОҒАЙ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button