Спорт

Пакьяо Головкинге қарсылас па?…

WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Пакьяо МЭННИДІҢ менеджері әрі кеңесшісі Шон ГИББОНС, көпшілік күтіп жүрген филиппин боксшысымен қазақстандық Геннадий ГОЛОВКИН арасындағы жекпе-жек жайлы таралған қауесетке нүкте қойды.

Бұған дейін америкалық бапкер Роуч Фредди шәкіртінің орта салмақ дәрежесіндегі дивизионға ауысып, IBF және IBO чемпиондарымен қолғап түйістіре алатынын айтқан еді. Ал, бұл жерлесіміз Головкин өнер көрсетіп жүрген дивизион. Көпшілік екі спортшы арасында кездесу болады деп күтсе керек. Алайда, Шон:

– Екі кәсіпқой шеберлерінің арасындағы шайқас ешқашан болмайды. Фреддидің сөзін көпшілік дұрыс түсінбеген сыңайлы, – деп мәлімдеді.

Мамандардың айтуынша, Пакьяо Головкинмен жекпе-жекке шығуы үшін салмағын 160 фунтқа көтеру керек екен. Ал, «салмақ көтеру Пакьяоға мүлдем қолайсыз» – дейді мамандар.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Back to top button