АймақСәтбаев

Сәтбаев қаласындағы жағдай – тұрақты

Сәтбаев қаласындағы жағдай тұрақталды. Оқиға орнына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК шықты.

23 шілде күні, сағат 21.00-де Сәтбаев қаласының полициясы басқармасына Жезқазған қаласының бір тұрғыны хабарласып, өзінің 5 жасар қызының жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Қалалық полиция басқармасының жеке құрамы мен еріктілер қатысқан іздестіру шараларының нәтижесінде бала көпқабатты үйдің біріндегі пәтерден табылды.

Қазір қыз бала ауруханада тексерілуде.

Күдікті ұсталды.

Ұсталған азаматтың үйінің жанында күдіктіні өздерінің қолына беруді талап еткен бір топ адам жиналған. Тәртіпсіздікке жол бермеу мақсатында құқық қорғау органдарының күш-жігері жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта қаладағы жағдай тұрақталды, адамдар оқиға орнынан тарады.

Құқық қорғау органдары осы жағдай бойынша әділ және адал тергеу жүргізу үшін барлық күш-жігер жұмсалатынын жеткізді.

Халықтан арандатушылыққа жол бермеуді сұраймыз.

Басқа материалдар

Back to top button