Ресми

«Билігі мықты елдің тірлігі құтты»

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік аппараттың негізгі күші. Облысымызда бәсекеге қабілетті, өркениеттің өріне ұмтылған жастарды мемлекеттік қызметке тартуда жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл – халқына адал қызмет ететін, елдің әл-ауқатын арттыруда жан аямай еңбек ететін жаңа буынның қалыптасуындағы алғышарттың бірі.

«Билігі мықты елдің тірлігі құтты болады» деген даналықтың терең мағынасын түсіне білген әр мемлекеттік қызметші өзіне артылған зор жауапкершілікті сезінеді деген сенімдеміз. Халықтың мұң-мұқтажын көре білу, сұранысына құлақ асу басты міндет болуы тиіс.

Мемлекеттік қызметші – билік пен халық арасын байланыстырушы. Осындай абыройлы міндетті ыждахаттылықпен атқарып, ар-ождан, жалпы тұлғасына кір келтірмеуді мақсат еткен мемлекеттік қызметшілер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Халқымыздың әлеуметтік жағдайын арттыру мен өмір сүру жағдайын жақсарту жолындағы қызметтеріңіз алға баса берсін. Тәуелсіз еліміздің гүлденіп, әлемдік аренада беделінің асқақтай түсуі үшін еткен еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Серік ӨТЕШОВ,
облыстық мәслихат хатшысы.

Басқа материалдар

Back to top button