Ресми

Жарқын болашақ – бүгіннен

Елбасы тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы 2014 жылдан бастап мүгедектігі бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, оларды жұмысқа орналастыруға, белсенді қоғамдық және әлеуметтік өмірге тартуға, қолайлы құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыруда.

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасының үшінші бағытын жүзеге асыру бойынша негізгі шаралар жоспары аясында 2019-2020 жылдары қалалар мен аудандарда ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым қызметтерінің және объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету сапасының қоғамдық-партиялық мониторингіне рейдтер жүргізілуде.

Осыған байланысты партияның аумақтық филиалдары бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері (ҚКП), жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, бейінді ҮЕҰ өкілдері, «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру бойынша партияның тұрақты серіктестері-бейінді сарапшылар, міндетті түрде Нұсқаулық-тренинг өткізу арқылы мүгедектігі бар белсенді азаматтар қатарынан қоғамдық-партиялық мониторингтің аумақтық топтарын құрды. Жұмыс топтары жергілікті жерлерге барып, Әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілері мен қызметтерінің қол жетімділігіне мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында ғимараттар мен іргелес аумақтар әртүрлі санаттағы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар үшін қолжетімділік деңгейінің сәйкестігі тұрғысынан зерттелді. Негізгі құрылымдық-функционалдық аймақтардың қол жетімділігінің жай-күйін тіркеу жүргізіледі.

Осы мониторингтер партияның ТФП жұмыс жоспарына сәйкес тұрақты негізде асырылады.

Қадиша ОСПАНОВА,

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Басқа материалдар

Back to top button