Ресми

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймын! Мемлекеттік қызмет атқару – абыройлы міндет, қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің белгісі. Халықтың әл-ауқатының артуы – мемлекеттік аппарат еңбегінің нәтижесі.

Мемлекеттік қызметтегі әрбір маман өз қызметінің мән-маңызын сезінуі, асқан жауапкершілікпен қызмет ету жолына түскенін қабылдауы және түсінуі тиіс. Өз елінің шынайы патриоты, әділ, әрі адал болуы қажет.

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, мемлекеттік қызметшінің бойынан жоғары моральдық жауапкершілік, кәсіби білім, оларды іс жүзінде қолдана білу, адалдық және белсенді өмірлік ұстаным табылуы қажет.

Бүгінгі таңда еліміз мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа сатысына қадам басты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай: «мемлекеттік қызметтегі басты талап – тиімділік, нәтижелілік, жариялылық және халықтың сұраныстарына сай қызмет ету» болуы қажет.

Осы орайда, Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің мәңгілік болуы жолында атқарып отырған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін!

Ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге толағай табыс, мәртебелі істе біліктілік пен төзімділік тілеймін! Денсаулықтарыңыз мықты, отбасыларыңыз аман, барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін!

Айгүл БАЙХАНОВА,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы.

Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы.

Басқа материалдар

Back to top button