Қазақстандықтарға медициналық көмек көрсету үшін қосымша 20 млрд. теңге бөлінеді
Қазақстандықтар 2020 жылдың 31 наурызына дейін шартты түрде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушысы саналып, оларға медициналық қызмет көрсетіліп келді. Жоспар бойынша, 1 сәуірден бастап МӘМС пакеті, тек, сақтандыру жарнасын төлеген азаматтарға ғана қолжетімді болуы тиістін. Алайда, елдегі төтенше жағдайға байланысты Мемлекет басшысы жеңілдік уақытын 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін ұзартуды тапсырды. Осыған орай, жарна төлемеген азаматтарды қолдау үшін сақтандыру қорының ішкі резервінен қосымша 20 млрд. теңге бөлінеді.
– 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін еліміздің барлық азаматтары шартты түрде сақтандырылған болып есептеледі және медициналық көмекке жүгіне алады. Осы жеңілдік кезеңі аралығында сақтандырылмаған азаматтар жарна төлеп, МӘМС қатысушысы болу керек, – деді “МӘМС” Қоры” Қарағанды филиалының директоры Фазыл Копобаев.