Қарағанды

Қарағандыда саябақтар мен гүлзарларды жөндеу жұмыстары басталды

Қарағандыда саябақтар мен гүлзарларды жөндеу жұмыстары басталды. Қаладағы екі саябақтың және Нұркен Әбдіров даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолдың тас төсеніштері қалыпқа келтірілді. 

Жөндеу жұмыстары Орталық мәдениет және демалыс саябағында, Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығы саябағында және Әбдіров даңғылының Гоголь көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігінде жүріп жатыр. Плиткаларды тегістеуден басқа, саябақтарды басқару қызметкерлері ескерткіштердің, субұрқақтар мен парапеттердің қаптамасын ауыстырды.  

Жақында қаланың басқа да саябақтары мен гүлзарларында жөндеу жұмыстары басталады. 
Жолдың жиек тастары жыл сайын ретке  келтіреді. Сондай-ақ,  жаяу жүргіншілер жолдарындағы тас төсеніштердің астындағы топырақ тегістеледі. Қираған плиткалар ауыстырылады.
Қалыпқа келтіру жұмыстары Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының есебінен жүргізіледі.

Басқа материалдар

Back to top button