Бас тақырыпЖаңалықтар

Адамзатқа дауа іздеген

Денсаулық саласының белді қызметкерлерінің бірі – Гүлшат КЕМЕЛОВА. Елбасының «100 жаңа есім» жобасына үміткер.

Гүлшат Сейітмұратқызы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітіріп, 20 жылдан астам қоғамның игілігі үшін бас дәрігер ретінде қызмет атқарған және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Бұл – Гүлшаттың болашақтағы жолын анықтап берді. Бүгінгі таңда Гүлшат Кемелова Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде қызмет етеді, денсаулық сақтау саласының мамандарын даярлауға және медициналық білім беруді дамытуға зор үлес қосып келеді. Жалпы еңбек өтілі – 23 жыл, ал, педагогикалық өтілі – 16 жыл.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Медицина доценті» атағын иеленіп, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендианты атанды.

Көптеген жылдар бойы ол медициналық білім беруді дамыту мәселелері бойынша ҚММУ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс топтарының құрамында болды. Дәрістер оқиды және сабақты үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жүргізеді, баяндамалар жасайды (конгрестер мен конференцияларда таныстырылымдармен), Қазақстан Республикасында және шетелде шеберлік сыныптары мен оқыту семинарларын өткізеді. ҚММУ-де 20 жылдан астам қызмет атқарады.

1997 жылдан бастап университеттегі жұмыс барысында жетекшілік етудің кәсіби дағдыларын игере бастады. Клиникалық фармаколог ретінде дәлелді медицина тұрғысынан дәрілік заттарды ұтымды пайдалануды зерттеу дағдыларын меңгерген.

Медициналық білім берудің көшбасшылары, Еуропадағы медициналық білім беру қауымдастығының мүшелері болып табылатын атақты профессорлармен танысып, білім беру мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастырып келеді.

Сондай-ақ, Гүлшат Кемелова оқыту мен білім беруде тәжірибесі жеткіліксіз мамандарға арналған ҚММУ-дағы Жас мұғалім мектебін құру туралы бастама көтерген. Қазіргі уақытта ҚММУ-дағы симуляциялық орталықтың директоры. Мұғалімдерге тиімді оқыту мәселесі бойынша үнемі консультациялық көмек көрсетеді. Осы бағытта шетелде шеберлік сыныптарын өткізеді. Гүлшат Кемелова әріптестері мен студенттер арасында беделге ие.

Қасымхан ҒАЛЫМ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button