АймақБұқар жырау

Бұқар жырау ауданы әкімінің грантын 30 жас кәсіпкерлер алды

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлікті қолдау жалғасуда. Бұқар жырау ауданы әкімінің гранттары биылғы жылы 30 адам өз ісін ашуға алды. Әрқайсының сомасы 500 мың теңге құрайды.

Жас кәсіпкерлер енді өз идеяларын жүзеге асыра алады. Аудан ауылдарында қызметтер саласына және мал шаруашылығын дамытуға жобалар іске асырылады. Грант иегерлері сұлулық салондарын, шағын наубайхана, тігін шеберханасын және басқа нысандарды ашады, ірі қара мал, жылқы, қоян көбейтумен айналысады.

Жаңа отбасылық мал шаруашылығы фермасын құру Ботақара, Петровка, Баймырза, Көкпекті, Тоғызқұдық ауылдарында, Суықсу ауыл округында, Ғ.Мұстафин атындағы кентте жоспарлануда. Тұзды ауылында грант жылыжай шаруашылығын құруға жұмсалады.

– Біздің ауылда наубайхана жоқ, сондықтан мен осы бағытты таңдадым. Қазір баланы күту бойынша демалыстамын. Тапсырысқа торт пісіремін. Енді менің шағын наубайхана ашуға мүмкіндігім бар. Ауылдастарымлы өніммен қамтамасыз етуді және көршілес Андренниковка ауылына жеткізуді жоспарлаудамын. Жалғыз қолымнан келмейді – тәулігінде 24 сағат қана, ал маған ол жетіспейді. Жұмысқа тағы үш адамды алғым келеді, – дейді Центральная ауылының тұрғыны Надежда Данилкина.

Жас кәсіпкер Марьям Чижикова Қушоқы кентінде жұмсақ жиһазды химиялық тазалауды ашқысы келеді. Грант қаражаттарына қажетті жабдықты сатып алуды жоспарлауда. Жас қыздың айтуынша, ол өз бизнесі туралы бұрыннан армандайтын және қолдау үшін алғысы шексіз. Грант иегері жастарға туған өңіріне және өз еліне пайда әкелу үшін қиындықтан қорықпай, алға қойған мақсаттарына табанды түрде қадам басуды тіледі.

Басқа материалдар

Back to top button