Ресми

Еңбекақы уақытылы төленеді

Білім және ғылым министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ ведомствоның аппарат жиынында мұғалімдерге жалақы мен демалыс ақысының уақытылы төленуін тексеріп, қысқа мерзім ішінде тиісті шаралар қолдануды тапсырды.

Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері 1-16 маусым аралығында тиісті мониторинг жүргізіп, еңбек демалысына шыққан педагогтердің 93%-ы демалыс ақысын уақытылы алғанын анықтаған болатын. Зерттеу барысында қалған 7%-на демалыс ақысы уақытылы төленбеген. Министр Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне еңбекақыны уақытылы төлемеу, оның ішінде мұғалімдерге төленетін демалыс ақысы туралы фактілерде тиісті шара қолдану үшін облыстық мемлекеттік еңбек инспекцияларына жіберуді тапсырды.

Заңға сәйкес мектептер мен балабақшалардағы педагогтерге жалақы төлеу тікелей ауданның немесе қаланың бюджетінен жүзеге асырылады. Бюджеттік жоспарлау және төлемдерді ұйымдастыру – қалалар мен аудандар әкімдіктерінің құзыретінде.

Басқа материалдар

Back to top button