Аймақ

20 кенші пәтер алуға 20 млн. теңгеге сертификат алды

«Шұбаркөл Көмір» акционерлік қоғамының туған күніне орай көмір өндіру кәсіпорнының жоғары білікті мамандар, тапшы мамандықтардың өкілдері, көп балалы отбасылар мен балаларды өз бетінше тәрбиелеп отырған аналар, сондай-ақ жас және перспективалы қызметкерлерінен құралған 20 қызметкеріне Қарағанды қаласынан пәтер алуға сертификаттар табыс етілді.

 

Кеншілердің тұрмыс жағдайын жақсарту үшін арнайы жеңілдік бағдарламасы әзірленді. Оның кепілгерлері Қарағанды ​​облысының әкімдігі, Отбасы банкі және Еуразиялық Топ (ERG) болып табылады.

Бағдарламаға қатысушылар Қарағанды ​​облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, ERG Қадағалау кеңесінің төрағасы, директорлар кеңесі мүшесі Шухрат Ибрагимов және “Отбасы банк” басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимованың қолынан 20 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие алуға сертификаттар алды.

Бұл бағдарламаның артықшылығы – несиелеудің төмен пайыздық мөлшерле. Қызметкерлер бастапқы немесе қайталама нарықта тұрғын үй сатып ала алады. Отбасы банк несиені жылдық 5% (ЖТСМ – 5,2%) мөлшерлеме бойынша береді, бастапқы жарнасы небәрі 10%.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button