ДенсаулықЖаңалықтар

Қазақстанда медициналық қызметтердің 88,6%-ы электронды форматта көрсетіледі

Қазақстанда цифрлық медициналық қызметтерді пайдаланушылар саны артып келеді. Электронды анықтамалар мен дәрігерге онлайн жазылу медициналық көмекті алуды жеңілдетіп, азаматтардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сурет Денсаулық сақтау министрлігінен

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,2025 жылы еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 215 млн-нан астам медициналық қызмет көрсетілсе, оның 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электронды форматта ұсынылған.

Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылған, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. Өткен жылы азаматтарға 8,5 млн-нан астам электронды анықтама беріліп, бұл көрсеткіш бір жылда 2,2 есеге артқан.

Дәрігерге онлайн жазылу қызметін 2025 жылы 5,6 млн азамат пайдаланған. Сонымен қатар, цифрлық шешімдердің арқасында ПЭТ/КТ зерттеуін күту мерзімі үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

2026 жылдан бастап балалар, әйелдер мен жүкті әйелдерді қоса алғанда, негізгі әлеуметтік топтарға цифрлық медициналық сүйемелдеу енгізу жоспарлануда. Бұл денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтап, профилактикалық жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта e-Health порталы, мобильді қосымша және дәрігер қабылдауын онлайн брондау жүйесі іске қосылады. Цифрландырудың негізгі мақсаты – медициналық көмекті қолжетімді, сапалы әрі азаматтарға барынша ыңғайлы ету.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button