Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті 18 қыркүйекте өңірде дайындықты тексеру үшін электр сиреналары іске қосылатынын хабарлады.

– Аумақтық деңгейдегі «Баршаның назарына!» сигналы бойынша хабарландыру жүйесінің дайындығын тексеру үшін 18 қыркүйек күні сағат 10:55-те барлық дыбыстық электр сиреналары іске қосылады. Тұрғындардан тыныштық сақтап, тұрғындардан сабыр сақтап, жалған ақпараттарға сенбеуді сұраймыз, – делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz