БЕЙБІТШІЛІК пен ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫ

1893 жылы Чикагода өткен I әлемдік діндер конгресінің жүз жылдығына орайластырылып, 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік рухани келісім конгресінің I сессиясы өткізілген. Конгресстің қорытынды отырысында оның ашылған күні – 18 қазан – Рухани келісім күні болып жарияланған. Содан бері бұл күн Қазақстанда да, әлемнің басқа елдерінде де аталып өтеді.

Дүниежүзілік тарихта тұңғыш рет әлемдік діндердің, рухани қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, белгілі ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің руханият мәселелерін талқылау үшін бір үстелге жиналғаны Конгресстің бірегейлігін айқындайды. Айта кететіні, рухани арқау арқылы ғаламшардағы, жекелеген елдердегі бейбітшілік пен тыныштық жолындағы іс-қимылдардың бірлігіне жету жолдары іздестірілді.

Конгресстің манифесінде «…заманауи әлемдегі қалыптасқан жағдай. Өзінің табиғаты мен ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған дағдарыс адамзатты өзін-өзі құртуға апарды. Саясаткерлер мен экономистер осы дағдарыс, яғни, рухани дағдарыс жағдайында дәрменсіз болып шықты, өйткені рухани дағдарыстан тек руханилылық жолымен ғана шығу мүмкін. Әлемде адамзаттың руханилылыққа жантәнімен берілген адамдары мен ұстаздарының таулардан алқаптарға түсіп, өздерінің тұрақты және тікелей қатысуы арқылы адамдардың жүректері мен саналарына әсер етуіне бұрын болмаған зор мұқтаждық болды. Рухани келісім конгресі осы мақсат үшін құрылды, ол шынайы ұстаздардың рухани импульстерін таратушыға айналуы тиіс» – деп атап өтілген.

Бұл «Адамзаттың бастауы – махаббат пен әділеттілік. Олар барлық жерде бар және барлығын шешеді» немесе «Әділетсіз сенім де, адамдық та болмайды» – деген Абайдың сөздерімен үндес емес пе?

Біздер, қазақстандықтар үшін рухани келісім күні несімен маңызды? Оның мәні неде?

Ең алдымен, бұл адамның шығу тегіне, діни немесе өзге де наным-сеніміне тәуелсіз өзінің тіршілік етуімен, жалпыадамзаттық құндылықтарға, адам өмірінің құндылықтарына шынайы берілгенін көрсетуімен маңызды. Бұл күні түрлі іс-шараларда конфессиялар арасындағы диалогтың мүмкіндігі, олардың қайырымдылық жасаудағы және деструктивті идеологияға қарсы тұрудағы бірлескен қызметі айқын көрсетіледі. Олар діни сенімдегілердің де, дінге сенбейтіндердің де мүдделерінде мемлекеттің зайырлы негіздерін нығайту қажеттілігін түсінбеушілікті іс жүзінде болмайтындығын көрсетеді. Өйткені, мұның бәрі адамның мүддесі үшін, оның дамуы мен игілігі үшін қажет.

Тәуелсіздік жылдарында қоғамда этникалық шығу тегіне, саяси көзқарастары мен діни сенімдерінің айырмашылығына қарамастан, қоғамның тазаруы мен өзгеруінің негізі – заңдарды құрметтеуде, руханилықта, жоғары адамгершілікте және мәдениетте болатынының санада бекітілгенін Рухани келісім күндерін атап өту шаралары бізге айқын аңғартады.

Облыс бойынша іс-шаралар циклын өткізу осы күнге орайластырылған.

Бұл барлық конфессия басшыларының Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия жасауынан бастау алуы биылғы мерекеге ерекше сипат бергендей. Сонымен бірге, облыстың жалпы білім беру мектептерінде «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылық кепілі» тақырыбында сынып сағаттары, жоғары оқу орындарының, орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында тақырыптық кураторлық сағаттар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастырылып, «Дарын» Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Менің елім – бейбітшілік пен келісім елі» тақырыбындағы эссе байқауы, Қарағанды техникалық университетінің студенттері арасында «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны өткізілді. Бұдан басқа, қоғамдық пікір көшбасшыларының дінтанушылардың, ғалым-теологтардың, оқу орындарындағы діни бірлестіктер басшыларының қатысуымен «дөңгелек үстелдер», лекторлық және сынып сағаттары, түрлі форматтағы акциялар, пікірсайыстар, байқаулар өтті. Діни бірлестіктер өкілдерінің ауыр науқастары бар облыс ауруханаларына, қарттар үйіне және түзету мекемелеріне баруы дәстүрге айналды. Жалпы облыс бойынша Рухани келісім күні аясында 100-ден астам іс-шара өткізілді.

Облысымыздағы діни бірлестіктер пандемия кезінде 1000-нан аса қайырымдылық шарасын өткізу арқылы әлеуметтік жауапкершіліктің өзіндік үлгісін көрсете білді.

Мұның бәрі қоғамда ішкі тұрақтылық үшін рухани үйлесімділіктің қажеттілігі жөніндегі сананы нығайтуға, рухани келісімді дамыту үшін өзінің түп-тамырын түсінуге бағытталған.

Толеранттылықсыз, сонымен бірге өзара түсіністік, өзара әрекеттестік және сол сияқты жол беру ретіндегі толеранттылықсыз рухани келісімнің болуы мүмкін емес. Бұл бізге Қазақстанда ешқандай текетірестердің, күш қолдану қақтығыстарының болмауы үшін қажет.

Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін діндердің мәдени және тарихи құндылығын, конфессияаралық келісімнің, діни төзімділіктің және діни сенім-нанымдарды құрметтеудің маңыздылығын тану/түсіну Қазақстандағы рухани келісімнің іргетасы болып табылады.

Рухани келісім күні діни ұйымдар мен олардың көшбасшыларының қазақстандықтардың алдында да, әлемдік қауымдастық алдында да біздің мемлекетіміздің абыройын орнықтыру міндетін өз қызметінің бір мақсаты деп білуіне бағытталған.

Әрбір конфессия рухани, этносаралық және қоғамдық келісімді нығайтуға өзіндік үлесін қоса алады, тек Қарағанды облысы аумағында 300-ден астам тіркелген діни бірлестіктер мен филиалдар қызмет атқаруда, олар мұсылман мешіттері, православиелік, католиктік, протестанттық шіркеулер, дәстүрлі емес қауымдастықтар. Барлығы да Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмыс жүргізуде.

Халқымыз «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп тегін айтпаған. Дәулеті өскен, сәулеті келіскен бүгінгі Қазақстанның толағай табыстары – ынтымағымыз бен ырысымыздың берген жемісі деп білеміз. Біздің бірлігіміз төзімділікке, адамды сүюге, қайырымдылыққа шақыратын жоғары адамгершілік мұраттарға негізделген. Бүгінде Қазақстанда халықаралық қауымдастық мойындаған татулық пен бейбітшіліктің ерекше үлгісі қалыптасты. Еліміздің өзара келісімге негізделген бағыт-бағдарын әлем жұртшылығы жоғары бағалауда. Міне, осындай сыйластық пен үйлесімділікке негізделген ізгі ниетімізді кейінгі ұрпақ бойына сіңіру ассамблея мүшелері мен конфессия өкілдерінің мерейлі міндеті болуы керек.

Ұлттар мен ұлыстарды мейірімділікке, игілікке, бірлікке үндейтін Рухани келісім күні құтты болсын! Отбасыларыңызға амандық, мықты денсаулық, кәсіптеріңізге адалдық пен береке тілейміз. Еңселі елдің болашағы баянды, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!

Дулат ХАЛЕЛ,

облыстық дін істері басқармасының басшысы.